Түркістанда ауыл шаруашылығы техникасы құрастырылады

Oinet.kz 28-05-2020 555


Screenshot_9.png

Түркістан облысының әкімдігі мен «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ және «Orbis Kazakhstan» компаниялары арасында ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жобасын жүзеге асыру аясында инвестициялық келісім мен жол картасына қол қойылды. Көрші мемлекет өкілдерін аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев қабылдады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өзбекстанның «Узагротехсаноатхолдинг» мемлекеттік компаниясы қазақстандық «Orbis Kazakhstan» компаниясымен бірлескен жобаны «Turkistan» индустриалды аймағындағы «Brownfield» өндірістік алаңында жүзеге асыруға ниетті.

Жобаны 3 кезеңде іске асыру жоспарланып отыр. Инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 12 млн. АҚШ долларын құрайды. Жоба толық қанды іске көшкенде100-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Инвесторлар кең қолданысқа ие болатын ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруді жоспарлауда. Мәселен, әмбебап-жер айдау тракторы, мақта шаруашалығына арналған трактор, олардың тіркемелері мен роторлы орақтар, су бүрку желдеткіштері, соқа және басқа да техникаларын құрастыру көзделген.

Сонымен қатар, «Узагротехсаноатхолдинг» АҚ қазақстандық мамандарды оқыту мен біліктілігін арттыруды, техникалық персонал үшін тәжірибелік тренингтер жүргізуді өз мойнына алып отыр.

Ал, отандық «Orbis Kazakhstan» компаниясы Қазақстан Республикасының аумағында ауыл шаруашылығы техникасын сату үшін дилерлік және сервистік желіні дамытатын болады.

«Turkistan Invest» тарапынан инвестормен жобаны одан әрі іске асыру үшін қажетті ақпарат алмасу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде.


Кәсіпкерлікті дамыту - өзекті мәселе
Аудан әкімі ардагерлермен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу