Сарыағашта теңдесі жоқ тәжірибе станциясы салынуда

Oinet.kz 14-05-2021 947

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев ел халқына жолдаған Жолдауында ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін еместігін айтып өткен болатын. Бүгінде Түркістан облысындағы барлық жылыжайлардың 35 пайызы орналасқан Сарығаш ауданы – тәжірибе алмасу алаңына айналады. Мұнда жыл 12 ай бойы жылыжайдан өнім алудың қыр-сырымен бөлісетін арнайы демостанция салынуда. Қазіргі таңда екі гектар аумақтағы тәжірибе жасайтын жылыжай  кешенінің құрылысы аяқталған. Алдағы уақытта оның көлемі екі есе артпақ.

image.png

Мұнда студенттер мен фермелердің тәжірибе алмасу орталығы мен жер, топырақ құрамына талдау жасайтын зертхана салынатын болады. Голландия селекциялық компаниясының және «Риик Зван Оңтүстік» ЖШС-нің инвестициясымен жалпы көлемі 4 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай және тәжірибе станциясы ашылады. Теңдесі жоқ жобаның негізгі мақсаты – егін шаруашылығы саласында студенттер мен фермерлердің тәжірибе алмасу және жаңа технологиялар енгізу. Жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.

«Nur Otan» партиясының жол картасы аясында 2025 жылға дейін аудандағы қарапайым жылыжайлардан заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жылыжай және тәжірибе станциясы жыл соңында іске қосылады. 

​Түркістан жасыл шаһарға айналуда
Келесте қызанақ пісіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу