Ауыл тұрғандарына жағдай жасау - басты міндеттердің бірі

Oinet.kz 11-06-2022 286

Screenshot_3.jpg

Халыққа әлеуметтік һәм мәдени нысандар салып беру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Жұмыс уақытынан тыс уақытта әрбір қазақстандық уақытын тиімді пайдаланғаны абзал. Осы орайда ауыл тұрғындары жергілікті клубқа барып жеке тұлғалық қабілеттерін шыңдай алады. Клубта олар түрлі үйірмелерге қатысып өнерлерін дамытады.

Түлкібас ауданы Келтемашат ауылының тұрғындары үшін өзекті мәселенің бірі округте мәдениет ошағының жоқтығы болатын. Ауыл ақсақалдары бұл мәселені соңғы жылдары жиі көтеріп келген-ді. Биыл міне округ орталығы Кершетас ауылынан жаңа клубтың құрылысы бастау алмақ, нысан 2023 жылға өтпелі.

Осы және басқа да жағымды жаңалықтармен аудан әкімі Н.Байғұт Келтемашат ауылдық округі тұрғындарының алдында берген есебінде бөлісті.

Есептік кездесу аудан әкімінің қысқаша баяндамасынан соң сұрақ-жауап форматында жалғасып, округ тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.

Атап айтсақ, ескірген бағаналарды ауыстыру, ауыз су, ауыл атауын ауыстыру, интернет, көшені түнгі уақытта жарықтандыру мен ағын суға қатысты мәселелер көтерілді.

Бұдан бөлек аудан әкімінің жеке қабылдауында елді мекен аймағында жаңадан қосылған үйлерге газ құбырын тарту мәселесі айтылып, аудан басшысы және жауапты мамандар тарапынан тиісті жауаптар берілді.

2020 жылдың қорытындысымен аудан әкімінің аталмыш ауылдық округі халқының алдында берген есебінде тұрғындар тарапынан түскен ұсыныстар мен өтініштер негізінде  іске асырылған және алдағы уақытта іске асырылатын жобаларға тоқталатын болсақ:

2020-2021 жылдан өтпелі «Сеславино» ЖОМ 150 оқушыға арналған қосымша корпусының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

2021-2022 жылдан өтпелі Кершетас-Даубаба бағытындағы КХ-83 облыстық маңызы бар жолдың күрделі жөндеу жұмыстары, жаяу жүргіншілер жолымен бірге жүзеге асуда. 

2022 жылы Кершетас ауылы, "Қ.Жандарбеков" ЖОМ күрделі жөңдеу жұмыстары іске аспақ;

2022 жылы Кершетас ауылына қосымша ауыз су құбырын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, Жиынбай ауылы Шапағат және Н.Қоштаев көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Тұрғындар денсаулығын нығайтатын мекемелер салу басты назарда
Састөбе кентінің тұрғындарына жайлы жағдай жасалады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу