Састөбе кентінің тұрғындарына жайлы жағдай жасалады

Oinet.kz 09-06-2022 396

Screenshot_4.jpg

Халыққа өмір сүруге қолайлы, жайлы орта қалыптастырып, жасап беру аса маңызды. Жұмыстан шаршаған адам саялы демалыс орнында бой жазып, демалса ғана бойындағы энерниясын қайта қалпына келтіріп жұмысқа зор құлшыныспен барады. 

Биыл Түлкібас ауданы Састөбе кентінің тұрғындары тарапынан көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан мәселенің бірі кент орталығындағы саябақ аумағын абаттандыру жұмыстары іске асатын болады.  

Бұл жайында бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт Састөбе кентінің тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Кездесуде аудан басшысы аудан мен кент аумағында 2021 жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, халықтан келіп түскен өтініштер негізінде түзілген алдағы атқарылатын жұмыс барысын қамтып өтті.

Жиынға аудан прокуроры мен құқық қорғау саласының басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты. 

Регламентке сай кездесудің басым бөлігі сұрақ-жауап форматында өтіп, тұрғындар тарапынан кент аумағындағы кәріздік жүйені реттеуге, арендалық тұрғын-үй кезегіне тұру, медицина, білім саласына қатысты өтініштер айтылып, әлеуметтік дүкен соғу ұсынысы көтерілді.

Аудан басшысы көтерілген мәселелердің заңдылығын тарқатып, тиісінше жауап берді. Кей шағымдар бойынша тиісті орынбасары мен бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.   

Жиын соңында ауыл тұрғындары өткен есептік кезеңдегі орындалған өтініштерге алғыстарын білдіріп, ауыл ақсақалдары ақ батасын берді.

Кездесуден соң Нұрлан Мархабатұлы округ тұрғындарын жекелеген мәселелерімен қабылдап, өтініштеріне Заң аясында жауап берді.

2020 жылдың қорытындысымен кент тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштеріне сәйкес  іске асырылған жобаларға келетін болсақ:

Састөбе кентінде 75 келушіге арналған дәрігерлік  амбулатория  ғимаратының құрылысы; 

Састөбе кенті Мамыр, Сейдуалин, Тәуелсіздік, Мир көшелеріне жарықтандыру жұмыстары; 

Састөбе кентіндегі трансформаторларды ағымдағы жөндеу жұмыстары;

Састөбе кентінде ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары;

Ынтымақ ауылының  ауыз су жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстары;

Састөбе кенті Ғ.Мұратбаев көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары;

Ынтымақ ауылына ағын су жеткізу мақсатында Жиынбай каналының арнасына механикалық тазалау жұмыстары; 

Састөбе кентіне "Street Workout" және балалар алаңшасы орнатылып, жоғарыда аталған жұмыстар легі жүргізілген. 

Ағымдағы жылы тұрғындар тарапынан көптен бері көтеріліп келе жатқан  мәселенің бірі кент орталығындағы саябақты абаттандыру жұмыстары жоспарланып отыр.

Ауыл тұрғандарына жағдай жасау - басты міндеттердің бірі
Ынтымақта заманауи спорт алаңшасы пайдалануға берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу