Аудан әкімі тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады

Oinet.kz 14-06-2022 283

Screenshot_20.jpg

Отандық БАҚ-қа берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: "Халыққа ашық қызмет көрсетуге қажетті барлық коммуникациялық құрал­дарды пайдалана білген жөн. Сонымен бірге кері байланыс орнатудың пайдасы зор. Әкімдерге халықпен қарым-қатынастың жаңа форматына көшуді, ашық және шұғыл әрекет етуді тапсырдым. Бұл аудандардан бастап облысқа дейінгі барлық деңгейдегі әкімдерге қатысты. Олардың халықпен тікелей қарым-қатынаста болуы, жағдайды толыққанды білуі, мәселені жедел шешуі — басты міндет" - деп айтқан болатын.

Осы орайда Түркістан облысы Төлеби аудандының әкімі Төлеген Телғараевтың қоғамдық қабылдауына келген Қасқасу елді мекенінің тұрғыны Д.Сарсебеков Тастақ көшесіндегі балалар алаңшасына түнгі жарық және көшеге жол кедергісі орнатылса деген өтінішін жеткізді. Жіңішке елді мекенінің тұрғыны А.Мұздыбай ауыз су, интернет мәселелерін көтерді. Аудан басшысы жауапты сала басшыларына ауыз су тұтынушыларының үйіне су есептегіш құралын орнату бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, тұрақты ауыз су берілуін бақылауда ұстауды тапсырды. Ағымдағы жылдың ақпан айында ауылда «Кселл» АҚ базалық станция орнатқан, қазіргі уақытта қамту аумағын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Кездесуде Ленгір қаласының тұрғыны Б.Умирзаков Алматы көшесінде ертеректе салынған жол сапасының нашарлығы жайында айтып өтті. Г.Оразбаева Қ.Дүйсемұратұлы көшесіндегі көп қабатты тұрғын үйлердің жағдайы туралы әңгімеледі. Н.Полатова алдағы уақытта кәсібін кеңейтіп, дамытуға ниетті екенін жеткізді. Б.Жаңабаева тұрғын үй кезегі бойынша сауалын жолдады. Ал, Біркөлік елді мекенінің тұрғыны А.Олихер Л.Хамиди көшесінің жөндеуді қажет ететіндігі жөнінде, ретсіз жатқан күл-қоқыс мәселелерін ортаға салды. 

Жеке қабылдау барысында Төлеген Тұртайұлы азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстарын жеке-жеке тыңдап, заң аясында кеңестер берді. Көтерілген барлық мәселелер жеке бақылауында болатынын айтып, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. 

Аудан әкімінің кезекті кездесуі – Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде
Ауданның табиғи ерекшелігі туризм кластерін дамытуға қолайлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу