Ауыл әкімдерінің жұмысына талдау жүргізіледі

Oinet.kz 19-07-2022 222

Screenshot_8.png

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Жиында үш мәселе қаралды. Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік саласындағы көрсеткіштер бойынша бөлім басшысы Мадияр Аширбаев баяндап өтті. Бөлім басшысының мәліметінше жеңілдетілген жанар-жағармайды дихандарға үлестіру әлі күнге дейін  толық орындалмаған.   Кейбір ауыл әкімдері тиісті жұмыстарды ұйымдастыруда салғырттық танытқан. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандардың тіркелуінде қателіктер орын алған. 

«Ауданның әлеуметтік- экономикалық көрсеткіші бойынша талдау жасалады. Сол бойынша әкімдердің рейтингісі  істеледі. Ең төмен көрсеткішке ие болған ауыл әкімдеріне қатаң жауапкершілікке тартылады. Себебі осыған дейін бірнеше рет ескерту берілгенімен нәтижелер көңіл қуантпайды» - деген аудан басшысы Ақментай Есбаев ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар көңіл көншітпейтіндігін жеткізді. 

«Ауыл әкімдері мен ауылшаруашылғы және кәсіпкерлік бөлімі бірлесе жұмыс атқарып жатқан жоқ. Берілген тапсырмаға салғырт қарайсыздар. Нәтижесінде облыс көлемінде Келес ауданының көрсеткіштері төмендеп тұр.  Келес ауданының негізгі капиталы, мүмкіндігі – ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Аудандағы шаруалар өздігінен еңбектеніп мол табысқа кенелуде. Биыл өткен жылдармен салыстырғанда көрсеткіш едәуір артқан. Оны көзбен көрудеміз. Сол жұмыстарды есебін шығара алмасаңдар не үшін ел басқарып отырсыңдар?! Астарыңда қызметтік көлік, үстеріңде таза киім киіп алып күнім өтсе болды деген түсінікте болсаңдар қателесесіңдер. Сол жерде отырған әр сәттеріңді ұтымды пайдаланып, ел үшін «өртеніп» жұмыс жүргізу керексіңдер. Сонда ғана нәтижеге қол жеткіземіз» - деді Аудан әкімі Ақментай Есбаев. 

Жиын барысында жайылым жерлердің ортақ жайылымға берілуі бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және 109 біріңғай байланыс орталығы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. 

Тұрғындардың өтініші жерде қалмады
Жәрмеңке жұмыссыздықпен күрес құралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу