Жәрмеңке жұмыссыздықпен күрес құралы

Oinet.kz 19-07-2022 319

Screenshot_9.png

Былтыр нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мерзімі аяқталған болатын. Осыған орай, былтыр қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік бағдарламаларды ұлттық жобаларға трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында түрлі бағытта жобалар кешені әзірленді. Соның бірі - Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы. Аталған жоба кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, кәсіпкерлердің өсуін жеделдетуге, жаңа нишаларды қалыптастыруға, сонымен қоса бәсекелестікті дамытуға бағытталып отыр. Ағымдағы  жылы жоба аясында республикада 443,8 мың жұмыс орны құрылады деп жоспарланған. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде бес жылда 995 мыңнан аса жұмыс орны құрылады деп күтілуде.

   Жұмыссыздықпен күрес Келес ауданында да қарқынды жүргізілуде. Таяуда аудан орталығы Абай ауылында орналасқан Жұмыспен қамту орталығының ғимаратында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аталған жәрмеңке «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» шеңберінде жалпы жұмыссыз, жұмыс іздеуші азаматтарға, сондай ақ мүмкіндігі шектеулі, пробация қызметінің есебінде тұрған, алимент бойынша үш айдан астам берешегі бар адамдарға ұйымдастырылды. 

«Президент тапсырмасы аясында Келес ауданында біршама жұмыстар жоспарлы түрде жүзеге асуда. Солардың бірі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан алға жылжуына қол жеткізу болып табылады. Жоспар аясында бүгін жәрмеңке ұйымдастырылып 33 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданды. Жолданған азаматар ішінде 2 мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Жәрмеңкеге 22 жұмыс беруші 37 бос жұмыс орындарын ұсынды» - дейді аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Серік Құралов. 

Жалпы Келес ауданында жыл соңына дейін 5 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланып, бүгінгі таңда жоспардың 47 пайызы орындалған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын тауып, жоспарлы межені артығымен орындаймыз дейді жауапты мамандар. 

Ауыл әкімдерінің жұмысына талдау жүргізіледі
Жамбылдықтардың мәселесі шешілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу