Созақтың қарбыздары Ресейге экспортқа жіберілді

Oinet.kz 20-07-2022 207

Screenshot_19.jpg

Қазір жаз маусымы. Жаз маусымында шөлді басатын жеміс-жидек, көкөністерге сұраныс артады. Түркістандық шаруалар осы жазғы маусымда жан-жаққа қауын-қарбызды экспорттап табыс тауып жатыр. 

Созақ ауылдық округінің шаруалары бірнеше жылдың жүзі болды, қарбызды Ресейге экспортқа жібереді. Осы уақытқа дейін «Болыс ата», «Нұрмағанбет» шаруа қожалықтары өнімдерін шет елге кспортқа шығарған. Биыл да ауыл округтегі ең ірі  «Б.Абдраманов»  шаруа қожалығы осы істі қолға алды. Кеше 35 тонна, бүгін 65 тонна, жалпы 100 тонна қарбызды Новосібір облысына шығарып, сатты.

Шаруа қожалығы көктемде 15 гектар жерге бақша өнімдерін еккен болатын. Оның 4 гектарына қауын, 11 гектарына қарбызды жерсіндірген. Одан бөлек, қарбызды  аудан көлемінде сатуды қолға алды. Тұтынушылар сапасы жоғары қарбыздың дәмді екенін айтады. Табиғи күтіп-бапталған бақша өніміне сұраныс жоғары.

«Б.Абдраманов» шаруа қожалығының төрайымы Әбдіраманова Зүлфия: «Бұл шет елдік сорттағы қарбыз. Дәмі керемет. Сұраныс жоғары. Алушылардың көңілінен шықты. Биыл қарбызды экспорттауды қайта қолға алдық. Бір жыл үзіліс жасаған болатынбыз», дейді.

Израильдік компания Түркістан өңіріне инвестиция салуға ынталы
Түркістандықтар тарапынан «Қазақстан халқына» қорына ұсыныстар берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу