Жергілікті тұрғындар мен туристердің өмірі басты назарда

Oinet.kz 13-08-2019 710

Screenshot_9.jpg

Тұрғындарға өмір сүруге ыңғайлы жағдай жасау – кез-келген мемлекетте басты назарда. Бұл әсіресе туристік әлеуеті бар мемлекеттерде өте маңызды. Туристік мемлекеттер шетелден келетін азаматтарға еркін жүріп-тұруға барлық мүмкіндікті қарастырғаны абзал. Өзге елдегі заңдарды толыққанды білмейтін шетелдіктерге қаладағы, елдімекендегі жол ережелерін, түрлі ескерту мен хабарландыруларды барынша түсінікті етіп орналастыруы керек. Сонда шетелдік туристер ешқандай қолайсыз жағдайға тап болмайды.  Және де олардың өмірі қауіпсіз болады. 

Туристердің өміріне ешқандай қатер төндірмеу мақсатында, Түркістан қаласында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бағдаршамдар көбейетін болады. Осы күнге дейін облыс орталығында 27 бағдаршам жұмыс жасаса, енді оның саны 37-ге артпақ. Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ескі типтегі бағдаршамдардың орнына жаңалары қойыла бастаған. 

Қазіргі таңда 5 жаңа бағдаршам орнатылып, ескі типтегі 15-і заман талабына сай, заманауи үлгідегі бағыт реттеуші құрылғыға ауыстырылған. Соның бірі С.Қожанов көшесінің бойында Есімхан алаңының жанындағы жаяу жүргіншілер жолағына жайғастырылды. Бағдаршамның бір ерекшелігі адам алақанымен басқарылады. Мәселен, жолдан өтпек болсаңыз бағдаршамдағы батырмаға алақанды тигізіп, жасыл түстің жанғанын күтесіз. Бұл жаяу жүргіншілермен қатар көлік тізгіндеушілерге де тиімді болмақ. Жолдан қарсы бетке өтер адам болмаса тоқтап әуре болмайды. 70 пайызы жаңарған бағдаршамдар алдағы уақытта елдің кәдесіне жарап, жайлылық сыйламақ. Жергілікті халық та, шетелдік қонақтар да ешқандай қиындықтарға тап болмайды.    

Тарихи орындарға саяхаттаушылардың үлесі басым
Түркістанда шығыстық үлгідегі автобекет ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу