Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды

Oinet.kz 14-10-2019 7608

Screenshot_2.jpg

Сурет sputniknews.kz сайтынан алынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы әйелі Надежда Давыдовна екеуінің Тимур есімді бір ұлы бар. Президенттің 35 жастағы баласы туралы ақпарат аз, деп хабарлайды sputniknews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Тимур Тоқаевтың фотосын өз Telegram каналында саясаттанушы және Маңғыстау облысы әкімінің шаттан тыс кеңесшісі Ербол Еділов жариялады.

Және мемлекет басшысының ұлы туралы қызық дерекпен бөлісті. Ол 2009 жылы "Қазақстан Республикасының Батысқа қатысты стратегиясы" тақырыбында диссертация қорғап, саяси ғылымдар кандидаты дәрежесін алған.

Ашық дереккөздерден президенттің ұлы 1984 жылы дүниеге келгені белгілі. Ол - бизнесмен. Бұдан бөлек, Тимур атасы Кемел Тоқаевтың атындағы қорға жетекшілік етеді.

Биыл 19,1 млн тонна астық бастырылады
Түркістан: Балалар ауылының тәрбиеленушілері батыр Бекзаттың киносынан күш-жігер алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу