Түркістан: Балалар ауылының тәрбиеленушілері батыр Бекзаттың киносынан күш-жігер алды

Oinet.kz 14-10-2019 874

Screenshot_4.jpg

Қоғамның негізгі бөлшегі – бүгінгі жас буын.  Өскелең жастың өмірлерін өнегелі жолға бағыттап,  тарих пен тәрбиенің жарқын үлгісін таныту мәңгілік ел болуға ұмтылған мемлекетіміз үшін аса маңызды.

Осыған орай, бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері «Мейірімділік нұры» акциясы шеңберінде Арыс қаласында орналасқан «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушілерімен бірге  «Бекзат» көркем фильмін тамашалады. 

Игі бастаманың негізгі мақсаты – жасөспірімдердің ұлттық рухын жаңғырту және олардың өмірге деген ынта-жігерін арттыру, әрі қазақ жастарының арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемионының асқақ тұлғасын  дәріптеу. 

Шара барысында жиырма жасында Олимп шыңын бағындырған бозбала Бекзаттың өмірі мен спорттағы жетістіктері көрсетіліп, киелі өңірдің кешегі келбеті көрермен назарына ұсынылды. 

Screenshot_5.jpg

Қазақтың бокс тарихын қаузаған теңдессіз туынды жас буынның өн болмысына сарқылмас күш-жігер сыйлап, елге деген патриоттық сезімдерін еселей түсті. 

Көрсетілім соңында былғары қолғап шеберінің шаршы алаңдағы шеберлігі мен шымырлығын  тапжылмай тамашалаған балалар ауылының жасөспірімдері ертеңге деген сенімдерінің нықтала түскендігін айтып,  батыр Бекзат Саттархановтың жетістігін қайталауды мақсат ететіндіктерін жеткізді. 

Осы игі бастама аясында Департамент қызметкерлері жасөспірімдерді шырайлы Шымкент қаласының бірқатар демалыс орындарына қыдыртып, күндерінің қызықты  өтуіне мүмкіндік сыйлады.  

Қайырлы іске үлес қосуға  ұмтылатын Департамент ұжымы алдағы уақытта да «Мейірімділік нұры» акциясы аясында балалармен тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып, олардың қоғаммен етене араласуына жағдай жасайтын болады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды
«Шырайлы Шымқала – жастардың көзімен» атты жайдарман ойыны өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу