«Шырайлы Шымқала – жастардың көзімен» атты жайдарман ойыны өтті

Oinet.kz 14-10-2019 1053

39db91ca-09f2-4d52-9e5a-ef894ce3541a (1).jpg

Жастардың бойындағы мәдениеттілікті, рухани-адамгершілікке, өнерге, білімге деген шығармашылық ізденістерін дамыту және талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында «Шырайлы Шымқала – жастардың көзімен» атты «JAIDARMAN» ойындарының Шымкент қаласындағы кезекті маусымы бастау алды, деп хабарлайды OINET.KZ.

Ойынды «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ, «Шымкент қаласы, Түркістан облысы Жайдарман» филиалдарының және  Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастырып отыр. Фестивальге 28 жайдарман тобы тіркеліп, іріктеуден 18 команда өтті. Ал маусымның басты ойынына 13 топ жіберілді. Жалпы «Маусымашар – 2019» фестивалі 150 жайдарманшының қатысуымен өтті.

Сонымен қатар, жергілікті ішкі чемпионат саналатын бұл ойынның мақсаты – Республикалық деңгейде өткізілетін телевизиялық жобаларға жайдарман топтарын дайындау.

Жастар жылында Шымкент қаласының көңілді тапқырлары - жаңа маусымға қарқынды дайындықпен және жаңа көзқараспен келгені белгілі. Түрлі бағытта әзіл-шынын араластырып, қағытпа қалжыңның ой саларлық тұсын да дәлелдейтіні анық.

bb668b71-8b0f-4d0a-b358-1907d555ce83.jpg

Түркістан: Балалар ауылының тәрбиеленушілері батыр Бекзаттың киносынан күш-жігер алды
Қазақстандық азаматтың асқазанынан кокаины бар 42 капсула табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу