Шымкенттегі дәмханада кімдердің атыс шығарғанын анықталды

Oinet.kz 31-10-2019 970

Картинки по запросу Атыс

Шымкенттегі дәмханалардың бірінде болған атыс салдарынан бір адам көз жұмып, бес адам зардап шекті. Төртеуі әлі ауруханада жатыр. Полиция қарулы шабуыл ұйымдастырған екі адамның кім екенін анықтады. Алайда олар әлі ұсталған жоқ, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетовтың айтуынша, атыс ұйымдастырғандардың арасында бұған дейін сотталғандар да бар.

"Күдіктілер бар, кімнің оқ атқаны анықталды. Қазір бұған не себеп болғаны тексеріліп жатыр. Арасында бұған дейін сотталғандар да бар. Бұл небәрі бір тәуліктің ішінде жүргізілген жұмыс нәтижесі. Қару тәркіленді ", - деді ол.

Полицейлер қылмысқа көлікте табылған қомақты ақшаның қандай қатысы бар екенін де анықтап жатыр. 

Теңге және доллармен сақталған қаражат дәмхана маңында тұрған көліктердің бірінен табылған болатын. 

Сыртқы саяси зерттеулер институты құрылды
Twitter әлеуметтік желісіне өзгеріс енеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу