Ресейге жалға берген Байқоңыр аймағы қайтарылмақ

Oinet.kz 12-12-2019 1174

Қазақстан Ресейге жалға берген Байқоңыр аймағындағы 11,6 мың гектар жер қайтарылады.   

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында "1994 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заңы қабылданды.

Жер көлемі.jpg

Хаттамаға екі ел президенттерінің қатысуымен 2017 жлғы 9 қарашада Челябинскіде өткен форумда қол қойылды. Хаттама бойынша "Байқоңыр" кешенін жалға беру шарты №2 қосымшасын жаңа редакцияда беру көзделген. Оған жалпы алаңы 11,6 мың гектар төрт жер учаскесі жалға алу бөлігінен шығарылады, - дейді ҚР ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, жалпы алаңы 1 740 гектар екі учаске Қармақшы ауданы Төретам кентін кеңейту үшін, сондай-ақ 9 950 гектар екі учаске "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық транзит дәлізін, "Алматы-Мәскеу" теміржолын салу және "Бейнеу-Шымкент" газ құбырының желілік бөлігі үшін алынып отыр. 

Құжатты ратификациялау көрсетілген учаскелерді Ресейге жалға берілген нысандардың тізімінен шығару барысын аяқтау үшін қажет. Жер телімдері Қызылорда облысының дамуы үшін қажет. Осы шаралар өңірдің әлеуметтік жағдайына және экономикасына оң әсерін тигізеді. Бұл жер телімдерін жалға алудан шығару Ресей тарапының Қазақстанға жыл сайынғы жалға алу төлемі сомасының қысқаруына ықпал етпейді, - деді ол.

Тұрар Рысқұлов – Қазақ елінің ұмытылмас ұлы тұлғасы
Үкімет басшысы жұмысы баяу әкімдерге ескерту жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу