«Қалаулымға» келген үміткер тікелей эфирде жобаны жабуды талап етті

Oinet.kz 13-01-2020 1693

"Қалаулымдағы" қатысушылардың біріне үміткер болып келген азамат тікелей эфир барысында бағдарламаны жабуды талап етті. Ер адам атышулы жобаның халыққа берер ешбір тәрбиелік мәні жоқ екенін айтып, оның түсірілім тобына үндеу жасады деп жазады Nur.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

алаулым.jpg

Белгілі болғандай, махаббатын іздеп жүргендерге жұбын табуға көмектесетін бағдарламаға келген үміткер онда мүлдем басқа мақсатпен барған. Ол атышулы жобаға қатысты өз жанайқайын жеткізуді ұйғарған.

Халық алдына шыға сала азамат "Қалаулымды" жабу керектігін айтып, студиядағы көпшілікті таңғалдырды. Ол теле-бағдарламаның халыққа берер пайдасы жоқ екенін басып айтты.

"Мен осы бағдарламаның жабылғанын қалаймын. Мен оны жа алмаймын, бірақ, мүмкіндігінше айтып жатырмын. Мүмкін ертен, менің сөздерім кетер, Youtube желісіне салынбас. Бірақ, мен сіздерге емес (қатысушыларға емес), сіздерге (жүргізуші мен түсірілім тобы, басшылық) айтып жатырмын. Осында қызмет етіп жүрген адамдарға айтарым:

Мына қазақтың болашағы, ұрпақтың ертеңі туралы ойлайтын болса, жапсын. Мұндай үш сағаттық бағдарлама жоқ басқа. Түстен кешке дейін алты сағат бойы көрсетіп әрі дәріптеп жатыр. Бірақ, алты сағатқа созылса, оның халыққа берер пайдасы болу керек. Бұл жерде ешқандай пайда емес, тек қана рейтинг пен шоу" , - деп айтты ол.

Тоқаев жаңадан тағайындалған Оман сұлтанын құттықтады
Түркістан: Облыс орталығынан кезекті халықтық кеңсе ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу