Шымкентте ұлттық бірыңғай тестілеуді қоғам өкілдері бақылайтын болады

Бүгін Оқушылар сарайында Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында білім беру мекемелері басшыларымен кездесу өтті.

ұбт.jpg

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Н.Қасымбеков, білім басқармасының өкілдері, колледж, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, жалпы саны 250-ге жуық адам қатысты. 

Қалалық білім басқармасы өкілдерінің айтуынша жоғарғы оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Бұл ретте оқуға түсушілер білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін маусым айында өткізілетін ҰБТ-ны да тапсыруы қажет. Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы өзгеріссіз қалдырылған. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілген.

 Сонымен қатар, жиын барысында ҰБТ ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында 30-ға жуық қоғам белсенділері мен Арнайы мониторингтік топ, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері жұмылдырылғаны айтылды. Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері бақылаудың қатаңдатылғанын, ата-аналар мен оқушыларға тест тапсыратын оқушы тестілеу өтетін ғимаратқа телефон немесе басқа құралмен келгені анықталса, сол табалдырықтан тестілеуге жіберілмей кері қайтарылатындығын жеткізуді сұрады.

Сондай-ақ, білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүзеге асырылып отырған «Sanaly urpaq», «Адал ұрпақ» жобаларының жүзеге асырылуына тоқталып, аталған жобалар аясындағы жұмыстарды жандандыруға шақырды. 

Кездесу барысында қатысушылар жас ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеудің түрлі әдістерін, соның ішінде жастардың басты адами қасиеттерін тәрбиелеуге бағытталған "адалдық дүкендерін" іске асыруды қарастырды.

Кездесуде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен мемлекеттік сатып алуды жоспарлау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласында ұлттық бірыңғай тестілеу қаңтар айының 16-19 күндері аралығында 3 жоғарғы оқу орнында өтеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Масаншыда зардап шеккен әр отбасыға 2,3 миллион теңгеден көмек көрсетілді
  • Туған қызын зорлап келген қаскөй 17 жылға сотталды
  • «Самара-Шымкент» тасжолындағы апат салдарынан 4 адам қаза тапты
  • Сапарбаев: «Кейбір мектеп директорлары өздерін князь секілді сезінеді»
  • Қарағандыда жеті жүк көлігі өртеніп кетті
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика