Мейірхан Адамбеков өмірден озды

Oinet.kz 19-01-2020 2217

Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры талантты әнші Мейірхан Адамбеков өмірден озды. Қайғылы хабарды Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкен Facebook-тегі парақшасында жариялады.

image.png

«Тәттімбет атындағы өнер колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, талантты әнші Мейірхан Сәйдіұлы Адамбековтың 62 жасына қараған шағында дүниеден озғаны туралы xабарды естіп қабырғамыз қайысып отыр. Туған-туыстары мен жора-жолдастарына, Арқаның өнер сүйер жұртына қайғырып, көңілімізді білдіреміз. Иманды болыңыз, аға...», - деп жазды Абзал Нүкен.

Мейірхан Сәйдіұлы Алматы эстрада-цирк студиясын (Ж. Елебеков класы бойынша педагог Ж. Кәрменовтен), 2003 ж. Қазақстан-Ресей университетін бітірген. Қ. Байжанов атындағы концерт бірлестігінің әншісі, Тәттімбет атындағы өнер колледжінде халық әндері бөлімінің меңгерушісі.

Халық композиторлары Біржан мен Ақан СерініңЖаяу Мұса мен Мәдидің, ШашубайдыңЕстай мен Ғазиздың және т. б. әндерді ұлттық нақышпен орындаған. Ә. Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың лауреаты (1980). Қазақстан өнер шеберлері қатарында ФранцияШвецияАвстрияБолгарияГолландияВенгрияРесей сияқты елдерде өнер көрсеткен.


Ракты қалай емдеуге болады?
Шымкентте 2 апталық нәрестені аман алып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу