Кәрім Мәсімов «Құрметті президент» атанды

Oinet.kz 20-01-2020 2237

Елордада Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының ІІ конгресі өтіп, басшысы ауысты.

Осыдан екі жыл бұрын құрылған қауымдастыққа Кәрім Мәсімов президент болып сайланған еді. Бұл жолы конгрессте ол президент лауазымынан өз еркімен бас тартты. Сондай-ақ бұл орынға қауымдастықтың бірінші вице-президенті Әнуар Садықұловты ұсынды. Қауымдастыққа мүше 22 федерация өкілдері оның кандидатурасын қолдап дауыс берді.

Кәрім Мәсімов.jpg

Сондай-ақ, Әнуар Садықұлов жақында Кәрім Мәсімовтің ұлттық қауіпсіздік қызметіндегі орынбасары болып тағайындалған. Кәрім Қажымханұлын қауымдастықтан біржола кеткен жоқ. Ол осы ұйымның құрметі президенті атанды. Сонымен қатар Кәрім Мәсімовке жауынгерлік алтын белбеу табысталды.

«Алдымызда жаңа жоспарлар күтіп тұр. 2020 жылы FISU-мен (халықаралық студенттер спорты федерациясы) муай-тайдан студенттер әлем чемпионатын өткіземіз. Оған әлемнің 30 елінен 300-ге жуық спортшы келеді деп күтілуде. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына байланысты Семейде жауынгерлік өнер фестивалін өткіземіз» - дейді Кәрім Мәсімов.

Мейрамбек Беспаев Зағипа Балиеваға алғыс айтты
М.Әуезов атындағы ОҚМУ жастары «Абайдың жолын» темірқазық етті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу