Кәрім Мәсімов пен ҰҚК-нің бұрынғы басшылығы жазасын жеке мекемеде өтейді

Oinet.kz 10-08-2023 689

Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары, сондай-ақ үш ҰҚКД экс-басшысы жеке түзеу мекемесінде болады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КазТАГ мәліметіне сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 94-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотталғандар – соттардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың тәртібін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті тұлғалар соттылығының санына қарамастан, бөлек мекемелерде ұсталады", - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарламасында. 

Агенттік Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарларын, сондай-ақ Павлодар облысы ПД бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовті Шығыс Қазақстан облысына ауыстыруға қатысты ведомствоға сауал жолдаған.

"Қылмыстық-атқару заңнамасында көзделген жағдайларда (ҚК-ның 88-бабы 4-бөлігі) сотталғандар жазасын одан әрі өтеу үшін аралас режимдегі мекемеге ауыстырылуы мүмкін", - деп толықтырды ІІМ.

Жетісайдағы жемқорлық - Сенатор Мұрат Қадырбек отставкіден құтылып кетті
Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу