Баян Алагөзова «Қазақ аруы» кастингіне келуші қыздарға талаптарын айтты

Oinet.kz 28-01-2020 1476

Баян Алагөзова оныншы мәрте нағыз «қазақтың аруын» іздеуді бастады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Ревю арнасына сілтеме жасап. Ақылына көркі сай сылқымдарға қойылатын талаптар тым қатаң. Қыздардың салмағы 53 келіден аспаса, бойы 1,73-тен жоғары болуы қажет. Одан бөлек, «темекі тартпау» сынды тәрбиелік маңызы бар шарттар да жетерлік.

Похожее изображение

«Басты талап арулардың адамдық қасиеті. Одан бөлек, «Қазақ аруы» деп аты айтып тұрғандай, мейірімділік, сұлулық, жан дүниенің тазалығы маңызды. Сенесіздер ме, біз тіпті шылым шеккені үшін немесе дөрекі сөздері үшін конкурстан шығарып жібере аламыз», - дейді Баян Мақсатқызы.

Сұлулық сайысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы келген арулардың қарасы мол! Бұрымдылардың басты арманы – «Баян бағымызды жақса екен» дейді. Тіпті арулардың бірі осы байқау үшін 7 келі салмақ тастаған екен.

 «Менің мақсатым, бұрынғы кішкентай кезімнен елге танылу, атақты болу. Өзімнің сұлулығым мен, өзімді сұлу деп санаймын сол үшін, келіп тұрмын»,- дейді шымкенттік Марал Әмірбекова.

Алайда, Баян Мақсатқызы «Қазақ аруы» атану әр қыздың өзіне байланысты екенін айтты.

«Мен қыздарға жұлдыз боласыңдар деп уәде берген емеспін. Мәселен, өткен жылы бастауыш мектеп мұғалімі жеңімпаз атанды. Түсінесіздер ғой, мен мұғалімнен қалай жұлдыз жасаймын. Сондықтан әр қыздың өзіне байланысты»,- деді ол.

Жастарды парасаттылыққа тәрбиелейтін мектеп ашылды
Президент Біріккен Араб Әмірлігінен келген бірнеше азаматпен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу