Қытайға қызметтік іссапарлар шектелді

Oinet.kz 30-01-2020 657

Жер әлемді толғандырған мәселе аз болмауы мүмкін. Бірақ қазіргі кезде өзектісі Қытайдан тараған кеселдің алдын алу. Дүние жүзі секілді Қазақстан да коронавирус эпидемиясынан қауіптеніп, сақтық шараларын нығайтуға кірісті. 

коронавирус.jpg

Бұған Үкімет жанынан құрылған ведомствоаралық комиссия жауапты. Кеше вице-премьер Бердібек Сапарбаев төрағалық ететін комиссия отырысы өтті. Онда кеселдің жолын кесуге бағытталған қосымша қорғану шаралары қабылданды. 

Бұған дейін Үкімет басшысы министрлерге  атқарылуы тиіс бірнеше міндеттер жүктеген. Соның негізінде мемлекеттік шекарадан өткізу бекеттерінде санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауын күшейту, Қытайдан келген барлық адамға тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық бақылау орнату, ауруханалардың дайындығын қамту тапсырылды. 

Сондай-ақ аспанасты еліне қызметтік іссапарларды шектеді. 

Ең бастысы, Қытайдан келетін транзиттік жолаушыларға ел аумағына 72 сағаттық визасыз келу режимі және «Қорғас» орталығының қазақстандық бөлігінің жұмысы уақытша жабылды. Ақпанның бірі мен үшінде Қытаймен арадағы әуе, теміржол қатынасы да уақытша тоқтайды. Кешеден бері автобуспен қатынау тоқтады.

2019 жылы қазақстандық банктерге 18 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды
Өзбекстан СІМ басшысы ЕАЭО-қа кіру туралы пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу