Өзбекстан СІМ басшысы ЕАЭО-қа кіру туралы пікір білдірді

Oinet.kz 30-01-2020 927

Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов елдің Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіру мүмкіндігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына Oinet.kz сайты сілтеме жасап.

05123250.889541.4836.jpeg

ЕАЭО, Еуропалық кеңес және Бүкіләлемдік сауда ұйымдары туралы айтқанда СІМ басшысы Өзбекстанның шетте қалып қоймайтынын айтты.  "Біз Өзбекстанның осы интеграциялық ұйымдарға қалай және қандай бөлігіне қатыса алатынын анықтаймыз. ЕАЭО бойынша көптеген мәселе бар. Ең алдымен, мен интеграцияға деген көзқарасымызды білдіргім келеді. Жаһандану кезеңінде - бұл табиғи процесс. Ташкент осы процесс кезінде тысқары қалып қоя алмайды. Біз әрқашан ұлттық және мемлекеттік мүдделерге сай әрекет етеміз", - деді Камилов.

 "Халықаралық істердегі басты мәселелердің бірі үлкен стратегиялық қатынастары бар елдермен әріптестікті дамыту. Бұл ең алдымен, Қытай, Ресей, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия, араб елдері, сондай-ақ Еуропа одағы мен Азия елдері. Ресеймен тек екі жақты қарым-қатынасты дамытып қана қоймай, Өзбекстан ТМД-ға биыл төрағалық етті", - деді министр.

Осыған дейін Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның Еуразиялық экономикалық одақ құрамына кіру мәселесіне қатысты пікір білдірген еді. 

"Интеграция туралы пікір айтуға рұқсат етіңіз. Біздің көптеген азаматымыз шет елдерде жұмыс істейді. Қазақстан мен Ресей. Біз бұған немқұрайды қарай алмаймыз. Бір нәрсені біліңіз. Ешкім ешқашан ешкімге тәуелсіздікті бермейді. Тәуелсіздік ел сенетін Президенттің қолында. Біз бұл одақтың мүшесі болмаймыз. Дайын өнімді қайда жібереміз. Кім бізді күтіп тұр? Дұрыс, Еуропада қымбат, бірақ стандарттар жасау керек. Біз қандай артықшылықтары мен кемшіліктері барын көреміз. Біз Владимир Владимировичпен (Путин - авт. түсіндірмесі) Санкт-Петербургте көптеген мәселе бойынша келісімге келдік. Не істесек те біз ұлттық мүддені ескере отырып істейтінімізге сенімді болыңыздар", - деп түйіндеген еді Өзбекстан президенті.

Қытайға қызметтік іссапарлар шектелді
Криштиану Роналду тарихқа енді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу