Қордайда дүнгендер тұратын ауылдарда үйлер мен көліктер өртеніп жатыр (фото)

Oinet.kz 08-02-2020 4688

Қазақ-дүнген жанжалы болған Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы ауылына аттанған Қамшы тілшісінің хабарлауынша, қақтығыс болған ауылдың маңындағы елдімекендердегі дүнген этносының өкілдері үйлерін тастап, қашып кеткен. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

84600773_1022330234819352_7860423023701000192_n.jpg

Қақтығыс орнына жақындау әлі де мүмкін емес. Масаншы ауылына кірер жолдар жабық. Полиция мен арнайы жасақ өкілдері ешкімді кіргізбей тұр. Тек полиция және жедел жәрдем көліктері ғана кіріп-шығып жүр. Қамшы тілшісі Масаншы ауылынан 7 жедел жәрдем көлігінің шыққанын байқаған. Масаншы ауылына ең жақын орналасқан ауылдардың бірі - 15 шақырым жердегі Сарытөбе ауылдық округының Булар батыр ауылы мен Ауқатты ауылдық округінде 20 шақты үй отқа оранған. 30-ға жуық жеңіл көлік өртеніп жатыр. Оны сөндіріп жатқан ешкім жоқ.

Булар батыр ауылында 4 мыңдай адам тұрады. Негізінен дүнген ұлтының өкілдері. Қазіргі таңда үйлер қаңырап бос тұр. Ауыл тұрғындары - этникалық дүнгендер үйлерін тастап қашып кеткен. Булар батыр ауылында қалған бірен-саран жергілікті тұрғынның айуынша, қақтығысқа 4 қазақ жігіті мен 5-6 дүнген жігіттердің арасындағы төбелес себеп болған. Осы жанжалға полиция қызметкерлері араласып, тәртіп бұзғандарды ұстауға келгенде қарсылыққа тап болып, видеоға түсіп қалған. Әлеуметтік желіде таралған видеолар сол оқиғаның көріністірі. Қамшы тілшісі алдағы уақытта қақтығыс болған Масаншы ауылына кіруге тырысып көреді.

Қордайдағы төбелес. 8 адам қаза тауып, 40-тан астам жарақат алды
«Қалаулым сен» қатысушысы тікелей эфирде: «Мейлі, өлтіріңіздер. Шындықты айтамын» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу