Қытайдағы қазақ азаматтарын эвакуациялауға екі рейс жіберіледі

Oinet.kz 10-02-2020 725

4f0a674a9b15aa3c6e63.jpg

Қытайдағы қазақ азаматтарын эвакуациялау үшін тағы екі рейс жіберіледі. Қазіргі таңда, Қытайда қазақстандық 719 азамат бар. Оның 391 елге оралуға көмек көрсету туралы өтініш білдірген. Қалғандары - дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері, студенттер және басқа да жеке тұлғалар Қытайда қалуға тілек білдірген. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық азаматтарды коронавирусты жұқтырудан қорғау жөнінде іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметі ҚХР аумағындағы және отанына оралуға тілек білдірген қазақстандықтарды эвакуациялайды.

"Биыл 10 және 12 ақпанда Қытай билігімен келісім бойынша Бейжіңге қазақстандық азаматтарды әкелу үшін "Air Astana" әуекомпаниясының екі ұшағы жіберіледі. Ұшу барысында жолаушылармен бірге медициналық қызметкерлер болады. Қытай тарапының өтініші бойынша осы рейстер арқылы Бейжіңге Қазақстандағы 47 Қытай азаматын, сондай-ақ Қытай Елшілігінің коммерциялық емес жүгін жеткізу жоспарланған", - делінген хабарламада.

"Қазақстанның ҚХР-дағы дипломатиялық мекемелері қажет болған жағдайда тиісті көмек көрсету үшін ҚР азаматтарымен жұмысты жалғастыруда және тұрақты байланыста. Аталған барлық шаралар ҚХР аумағындағы біздің азаматтарға байланысты барлық мәселелерді шешуге сындарлы көзқарас танытатын Қытай тарапымен тығыз үйлестіру негізінде жүзеге асырылады", - делінген хабарламада. 

2 ақпанда Уханнан 83 қазақстандық эвакуацияланды, оның 80-і студенттер. Оларды 14 күндік карантинге орналастырды.

Джеки Чан коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапқан адамға миллион юань береді
Қытайдағы қазақ азаматтарын эвакуациялауға екі рейс жіберіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу