Коронавирус жұқтырғандар жатқан кемеде төрт қазақстандық бар

Oinet.kz 13-02-2020 1147

Жапония жағалауында орналасқан Diamond Princees круиздік кемесінде төрт қазақстандық бар. Коронавирус дертіне шалдыққандар орналасқан кемедегі ахуал жөнінде еліміздегі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

upload-01-pic905-895x505-22194.jpg

«Лайнерде әлемнің 50 елінен 3700 азамат карантинге алынды. Коронавирустың 174 жағдайы расталды. Қазіргі уақытта төрт қазақстандықтың денсаулығы қанағаттанарлық. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері жүргізілуде», - деді Ахметшәріп.Ол лайнердегі карантин 19 ақпанда аяқталатынын айтты.

Ухань қаласынан жеткізілген студенттер карантиннен шығарылады
Абаев: «Билік кінәлілерді «қазақ», «дүнген» деп бөлмейді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу