Шымкентте алаяқ жәрдемақы алып беремін деп 51 адамды алдап кеткен

Oinet.kz 17-02-2020 642


photo_290903.jpg

Шымкент қаласының прокуратурасы алаяқұтардың апрбауынан сақ болуға шақырады. 

-Көбінесе алаяқтар атаулы әлеуметтік көмек және жылжымайтын мүлік саласында өздерінің теріс пиғылдарын жүзеге асырады, ал алаяқтардың торына көбінесе жас аналар, медицина және білім саласының жұмысшылары түседі. Бұл салада көбінесе көп балалы аналар, жас аналаржәне білім мен медицина саласының қызметкерлері алданады. Сол сияқты алаяқтардыхалыққа қызмет көрсету орталығы мен түрлі мемлекеттік мекемелер алдында өздерін делдал ретінде қызмет көрсететін адамдар ретінде таныстырып,қылмыстық қызмет көрсету түрлерін жалған құжаттарды жасау жолымен атқарады және көрсетеді,-делінген құзырлы органның таратқан мәліметінде. 

Жуырда, Қаратау аудандық сотында халыққа қызмет көрсету орталығында балаларға жәрдем ақы жасап беретін танысым бар деп, 51 адамнан сенімдеріне қиянат жасау арқылы ақшаларын алаяқтық жолмен алған азаматшаға қатысты айыптау үкімі шықты. Қылмыстың осы түрінің салдарынан халыққа 105 млн.теңге мөлшерінде шығын келіп отыр. 

-Мемлекеттен жәрдем ақы алу рәсімі мен тәртібі ашық, сонымен қатар жосықсыз тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінен қауіпсіз түрде мемлекетпен қорғалған. Мемлекет көмекалаяқтар үшін емес, мұқтаж адамдар үшін арналған! Сіздерді барынша мұқият болуларыңызды, күдік тудыратын тұлғалардың уәделеріне сенімшілдік танытпауға және өз қаражаттарыңыздың қауіпсіздігін сақтауға шақырамыз.Қаратау ауданында жаңа шағын аудандар ашылып, пәтерлер беріле басталуына байланысты, халыққа қызмет көрсету орталықтарының басым бөлігі осы ауданда болғандықтан, алаяқтық қылмыспен күресу өзекті мәселерлердің бірі болып табылады,-дейді прокурорлар. 



Нұрсұлтан қаласында 20 бөлмелі жатақхана өртенді
Шымкентте тағы да кадрлық тағайындаулар болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу