Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жетті

Oinet.kz 15-03-2020 912

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жетті. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирусқа қатысты брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

200128091129741e.jpg

- "Бүгін таңертең 8 науқас тіркелді. 1959 жылы туған әйел Алматыда инфекциялық ауруханада жатыр. Ол бұрын ауруханаға түскен науқастың әйелі, яғни жақын байланыстар санатынан. Олар Мәскеуден келуімен дер кезінде оқшауланды. Барлық жақын байланыс орнатылды және оқшауланды, жақындарынан әзірге әйелінен ғана анықталды", - деді Біртанов.

Ал екінші науқас Алматыға Сеулден келген. 

- "Қазақстанға транзитпен келіп, басқа елге ұшып кеткендерді есептемегенде, рейстегі барлық жолаушы, олармен тығыс байланысқандар инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Қазіргі уақытта тиісті диагностикалық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Бүгінде Қазақстанда ресми түрде 8 науқас вирус жұқтырған", - деді министр. 

Әлемнің 93 елі Мархабат Байғұттың туындыларымен сусындайды
Тоқаев төтенше жағдай жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу