Елордалықтар Біртановты келекеге айналдыруда

Oinet.kz 19-03-2020 1216

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары денсаулық сақтау министрін "супер қаһарман" кейіпкерлеріне теңеді. Желіде Елжан Біртанов монтаж көмегімен "Матрицадағы" Неоға, Суперменге және Бэтменге айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

2dbe8b70-5956-461c-b366-b626dd0b2725.jpg

Ролик пен фотоколлаждар Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде пайда болды. astana_typical парақшасында еліміздің денсаулық сақтау министрін "Матрица" фильміндегі Нео образында көрінген.

Видео кадрынан басты кейіпкер мен оның қарсыласы арасындағы қарама-қайшылық сәті көрсетілгенін байқау қиын емес. Жазба авторының айтуынша, қазіргі уақытта Біртановтың маңыздылығы көркем фильмде әлемді құтқарған қаһармандар іспеттес.

Facebook қолданушысы Насима Қорғанбекова да супер қаһарман туралы хабарламасымен бөлісті. Оқырман министрді Бэтмен, Супермен және Капитан Америкамен салыстырды.

Елордалық тұрғын шенеуніктің көп жұмыс істейтінін алға тартып, оған "Денсаулық сақтау министрлігінің капитаны" деген лақап ат бергенін атап өтті.

Желі қолданушылары Насиманың жазғандарына қосылатынын жеткізіп, Біртановқа және медицина саласының барлық қызметкерлеріге алғыстарын білдірді.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары коронавирусқа байланысты карантинге жабылды.

Зарема Шәукенова: «Елбасы әлемдік деңгейдегі саясаткер»
"Оның бәрі өтірік!" - Испаниядағы қазақ диаспорасы желіні шулатқан студенттер туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу