"Оның бәрі өтірік!" - Испаниядағы қазақ диаспорасы желіні шулатқан студенттер туралы

Oinet.kz 19-03-2020

Испаниядағы қазақ диаспорасы қысым көріп жатқан қазақстандық қыздың жазбасына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

dc70a832-5525-48fe-9286-06161ad29bcc.jpg

"Студент қыздың жазбасын оқып, кішкене таңғалып қалдық... Испанияда бірнеше жылдан бері тұрып, олардың ұлтшылдық әрекетін байқамаппыз. Тіпті испандардың сен азиялық екен деп басқаша қарағанын, дүкенде нан сатпай қойғанын елестете алмаймыз. Оның бәрі өтірік! Испаниядағы дүкендер мен дәріханалар барлығына бірдей қызмет көрсетеді.

Көбі студенттер жалған сөйлегенін және өтірік айту дұрыс емес екенін айтып жатыр. Бірақ олар өздеріне жазылған теріс пікірлерді өшіріп тастаған. Ал студенттерді аяп, алаңдаушылық білдіріп, елшіліктің қызметіне көңілі толмай, бүкіл БАҚ беттеріне шағым айтсын деген пікірлер өшірілмеген".

"Студенттер әлемдегі жағдайды пайдаланып, алдын ала келісіп алып, мемлекет тарапынан елге қайтып алуды ойластырған деп ойладық. Бәлкім әуе билеттерін алатын ақшасы болмаған шығар. Әуежайлар жұмыс істеп тұр, сондықтан олар кез келген уақытта өздері қайта алады", - дейді диаспора өкілдері. 

Диаспора өкілдері жазба авторларына қатысты шара қолдану туралы хат жазбақ. 

Білім және ғылым министрлігі Испанияда академиялық мобильдікте жүрген ҚазҰУ студенттерінің жазбасына пікір білдірді. 

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов студенттерге университетет тарапынан билет сатып алынғанын айтты.

"Сіздердің өтініштеріңіз бойынша ҚазҰУ ертеңге билет сатып алды. Сағат 11:20-дағы Мадрид - Мәскеу - Алматы рейс. Ұшуға дайындалыңыздар", - деді вице-министр. 

Испаниядағы студенттер Білім және ғылым министрлігіне алғыстарын білдірді. 

Еске салайық, Испанияда академиялық мобильдікте жүрген қазақстандық студенттер жергілікті тұрғындардан қысым көретінін айтып, шағымданған болатын. Олардың айтуларынша, жергілікті тұрғындар мазақ етіп, нан да сатпай қойған көрінеді. 

Елордалықтар Біртановты келекеге айналдыруда
Дариға Назарбаева: Стандарттан тыс, батыл шешімдер қажет

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×