Америкада жүрген 55 қазақстандық елге оралды

Oinet.kz 25-03-2020

Коронавирус пандемиясы аясында АҚШ-тағы қазіргі жағдайға байланысты бүгін Вашингтондағы Қазақстан Елшілігінің және Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы Қазақстан Бас консулдықтарының көмегімен АҚШ аумағындағы 55 отандасымыз елге қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

200325153812637e.jpg

Бірқатар халықаралық әуе рейстерінің болмауына және шетелдіктер үшін транзиттік аймақтардың жабылуына байланысты біздің көптеген азаматтарымыз Қазақстанға ұшып шығу мүмкіндігінен айырылды. «Осы жағдайды назарға ала отырып, Қазақстанның АҚШ пен Ресейдегі елшіліктері бірлесіп, отандастарымызды Нью-Йорктен Мәскеу арқылы транзитпен ұшырды» деп мәлім етті Сыртқы істер министрлігінен. Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның 33 азаматы Сауд Арбаиясынан аман-есен елге оралған болатын.

Талғат Теменов: Бізге қазір өзімділік емес, төзімділік керек
Шымкентте тағы бір коронавирус дерегі тіркелді

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×