Көлгінов: «Азық-түлік бағасын қымбаттата сатқан кәсіпкерді жауапкершілікке тартамыз»

Oinet.kz 31-03-2020 4455

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада азық-түлік пен тауарларды шекті бағасынан асыра сатқан кәсіпкерлердің бәрі жауапкершілікке тартылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

photo_245902.jpg

- «Біз азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіп отырмыз. Бізде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация бар. Тұрақтандыру қоры арқылы 1,3 млрд теңге бөлдік. Шекаралар жабылып жатқаннан кейін импорт бойынша қиындықтар туындайды. Біз 6 мың тонна ұн сатып алдық. Картоп, сарымсақ, сәбіз, жеміс-жидек те алынды. Бізбен серіктесе жұмыс жүргізіп отырған «Магнумға» алғыс айтқым келеді. «Магнумдағы» бағаны тікелей өзім бақылауда ұстадым. Онда картоптың келісі 107 теңге болды. Маған «басқа жақты қараңыз, қымбат» деді. Иә солай. Ал біз жұмыс істеп жатқан «SMALL», «Магнум», «Астықжанда» біз бағаны интервенция арқылы бақылап отырмыз», - деді Алтай Көлгінов Тенгриньюс.кз порталына берген тікелей эфирдегі сұхбатында. 

Қала әкімі азық-түлік түрлері бойынша шекті бағаның бекітілгенін жеткізді. 

- «Қазір жаңа түсімге дейінгі - маусым арасындағы кезең өтіп жатыр. Яғни, министрлік пен әкімдік белгілеген азық-түліктің шекті бағасынан қымбаттата сатқан кез келген кәсіпкерді жауапкершілікке тартамыз», - деді ол.

Коронавирустан қайтыс болған адамның кім екені белгілі болды
Елімізде коронавирус жұқтырғандар қатарына тағы 11 адам қосылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу