Түркістан облысындағы үш адамның вирусты қалай жұқтырғаны белгілі болды

Oinet.kz 01-04-2020

Түркістан облысында індет жұқтырған үш адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген әйелмен қарым-қатынаста болғаны анықталды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов Facebook парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

00000000000000000000000000000000000000000000000000.jpg

Сәкен Қалқамановтың айтуынша, өңірде бүгін коронавирус жұқтырған тағы төрт адамның тұрғылықты жері белгілі болды. 

- «Үш адам Нұр-Сұлтан қаласынан келген әйелмен жақын қарым-қатынаста болған. Ал, бесінші науқас Алматы қаласынан келген. Осы жағдайға қатысты өзге мәліметтерді онлаин брифингте айтатын боламыз», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, кеше Түркістан облысында бір адамның індет жұқтырғаны анықталған. Ол 23 наурыз күні Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен келген Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты. Ол, 27 наурызда қызуы көтеріліп, ауруханаға 30 наурыз күні қаралған. Әзірге анықталғаны - науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары екені расталды.

Мәжіліс жиналысында Әбдіқалықованы алмастыратын «төраға» анықталды
Коронавирус індетінен 1 адам көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×