Зиятхан Гасанов коронавирустан қайтыс болды

Oinet.kz 11-04-2020

"Абди Ибрагим Глобал Фарм" компаниясының бас директоры Зиятхан Гасанов қайтыс болды, деп хабарлайды мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

"Ол дәрігерлерге және қазақстандықтарға коронавирус инфекциясымен күресте алғашқылардың бірі болып көмектесті және өкінішке орай, ол осы қауіпті аурудың құрбанына айналды", - деп хабарланды жедел штабтың Telegram арнасында.

news_full15865396299538dd09687d82225b31846299657827.jpg

"Зиятхан Ахметұлы өз саласының мықты маманы, ол еліміздегі фармацевтика саласының дамуына үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, жаһандық бақытсыздықтарға бей-жай қарамайтын бұл адам елге өзінің барлық күшімен COVID-19 күресуге көмектесті. Медицина қызметкерлеріне көмектесіп, ККБТУ аумақтық департаменттеріне жеке қорғаныс құралдарын тегін жеткізді", - делінген ресми хабарламада.

"Абди Ибрахим Глобал Фарм" - түрік-қазақ бірлескен кәсіпорны. Компания Алматы облысында дәрі-дәрмек өндіретін зауытқа ие.

Мұқышев: «42 500 теңге алу үшін тағы өтінім берудің қажеті жоқ»
Қытайдың ең бай адамы Қазақстанға 4,5 тонна гуманитарлық көмек жіберді

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×