«Бала комаға түсті»: Талдықорғанда өгей әке 8 жастағы баланы ұрған

Oinet.kz 23-04-2020 3067

Желіде Талдықорғанда өгей әкенің 8 жастағы баланы аяусыз ұрып тастағаны туралы ақпарат пайда болды. Бала жансақтау бөлімінде, ал ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды zakon.kz.

image.png

- Талдықорғанда төтенше жағдай. 8 жастағы бала реанимацияда, комаға түскен. Өгей әкесі аяусыз ұрып-соққан. Азаптаған. Анасы ол кезде үйде болған, - деп жазды "Дети под защитой" қорының жетекшісі Жанна Ахметова өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы 19 сәуірде баланың ауруханаға ауыр жағдайда түскенін хабарлады.

- Жағдайы өте ауыр, 2-ші дәрежелі кома, механикалық тыныс алуы үшін өкпесіне жасанды желдету қосылды, таңертең КТ жасалды, - делінген хабарламада.

Балаға көптеген жарақаттар, миы шайқалу, субарахноидты қан кету, кеуде және іш мүшелерінің жарақаты, травматикалық шок диагнозы қойылды.

Ауруханада жан сақтау терапиясы жүргізілді. Қазір бала өздігінен дем алады, есі бар және сөйлейді. Гемодинамикасы тұрақты.

Ұсталған күдікті 1987 жылы туған. "Ауыр дене жарақатын қасақана келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алматы облысының полиция қызметкерлері сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, нәтижесінде қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілетінін атап өтті.

Павлодарда карантиннен шыққан ақ халаттылар көз жасын тыя алмады (видео)
Елімізде тағы 21 адам коронавирус індетінен жазылып шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу