Павлодарда карантиннен шыққан ақ халаттылар көз жасын тыя алмады (видео)

Oinet.kz 23-04-2020

Павлодарда пациенттен коронавирус инфекциясы табылуына байланысты карантинге жабылған №1 қалалық аурухананың дәрігерлері мен медициналық қызметкерлері мекеме ғимаратынан шықты. Ақ халаттылар 14 күннен бойы карантинде болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

image.png

Жабық ғимарат ішінде медицина саласының 130-тан аса қызметкері қалған көрінеді. Олардың көбіне карантин енгізілгені күтпеген жағдай болған, кейбірінің үйінде балалары қараусыз қалған, бұл жағдайда ақ халаттылар достары мен туыстарының көмегіне жүгінген екен. Екі аптадан кейін "бостандыққа шығып", қуаныштың көз жасын тыя алмаған медицина қызметкерлері енді жақындарымен қауышпақ. Ақ халаттылар карантинде болу моральдық тұрғыдан қиын болғанын мойындады. Физикалық жағынан да қиын болған, олар тәулік бойы жұмыс істеуге мәжбүр болған. Осындай тәжірибеден кейін №1 қалалық аурухана енді жаңа жұмыс форматын енгізуде. 

- "Ғимараттың сыртында, кіреберісте дәрігер тұратын пост болады, ол ғимаратқа басқа инфекцияның енуіне жол бермеу үшін науқастарды тиісті бөлімдер бойынша сұрыптайды. Қабылдау бөлімі оқшаулау цикліне көшіп, үш ауысыммен жұмыс істейді, мұнда дәрігерлер пациенттерді қабылдауын жалғастырады, алайда оларға жұмыс бөлмесінен шығуға болмайды", – деді №1 аурухананың бас дәрігері Советхан Смаков. 

Айтпақшы, дәрігерлердің бір бөлігі ауруханада болғанда, 800-ден астам әріптестері үйде қалуға мәжбүр болған. Карантинде болған дәрігерлер барлық 24 сағат тәулік бойы жұмыс істегенін ескере отырып, ақы төленеді, ал жұмыс істемейтін дәрігерлерге ең төменгі жалақы төленеді. Еске салсақ, 4 сәуірде аурухана коронавирустық ауру анықталғаннан кейін бірнеше көпқабатты ғимараттармен бірге карантинге жабылған болатын, өлім жағдайы тіркелген болатын. Коронавирус анықталған марқұм зейнеткермен тікелей байланыста болған дәрігерлердің кейбірі бөлек оқшауланды. Кейін олар ешкім оларға өтемақы төлемегенін айтып шағымданды. Жағдайға облыс басшылығы мен денсаулық сақтау басқармасы араласуға тура келді. Қазіргі кезде Павлодар облысында коронавирус жұқтырған 43 науқас тіркелді. Еліміз бойынша бұл көрсеткіш 2207 адамға жетті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Первые эмоции персонала павлодарской горбольницы 1 после окончания двухнедельного карантина. Врачи, медсестры, лаборатны, санитарки вышли во двор клиники, и громкими аплодисментами поблагодарили своих родных, друзей, волонтеров, профсоюз, одним словом всех казахстанцев, кто поддерживал их в это непростое время. Напомню, что результаты повторных контрольных анализов сотрудников больницы дали отрицательный результат. Сегодня же из карантинного госпиталя выписали больше 10 сотрудников клиники, которые были в близком контакте в с больным КВИ. Результаты также отрицатедьные.

Публикация от Salauat Iglikov (@salauatiglikov)

Ораза кестесі 2020: Қазақстан қалалары бойынша
«Бала комаға түсті»: Талдықорғанда өгей әке 8 жастағы баланы ұрған

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×