Мирзияевтың жұбайы қайырымдылық жасады

Oinet.kz 29-04-2020 720

Screenshot_3.jpg

Төтенше жағдай кезінде тұрмысы төмен отбасыларды, көпбалалы аналарды қолдау үшін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің жұбайы Зироат Мирзияева 5 мың әйелге көмектесті. 

Президенттің жұбайы жетекшілік ететін қор «Zamin» деп аталады.  Қордан осы мақсатқа 5 миллиард сум көлемінде қаржы бөлінді. Бұл дегеніңіз шамамен 500 мың долларды құрайды. Көмек елдің барлық өңірін қамтып отыр. 

-Осындай жәрдем арқылы қасиетті рамазан айында адамдардың жүрегіне үміт сыйлап, жүректеріне жылылық ұялатқанды жөн санадым,-деді ақпарат құралдарына берген сұхбатында президенттің жұбайы. 

Айта кетері, "Zamin" халықаралық қоғамдық қоры мемлекеттік емес, сонымен бірге коммерциялық емес ұйым саналады. Қордың мақсаты-мемлекеттің дамуына ықпал ету, халықтың әл-әуқатын көтеруге жәрдем беру. 

WhatsАpp видеосұхбатына енді сегіз адамға дейін қосыла алады
Вьетнам коронавирусты қалай жеңді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу