Вьетнам коронавирусты қалай жеңді?

Oinet.kz 29-04-2020 1110

Screenshot_4.jpg

22 сәуірден бастап Вьетнамда бір айға жуық уақытқа созылған карантин аяқталды.  Өйткені бұл елде соңғы алты күн бойы COVID-19  дертін жұқтырған бірде-бір науқас тіркелген жоқ. Аталған індетпен ауырғандардың саны  300-ге жетпеді. Бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеді. Қытайдың іргесінде отырған, 95 миллион халқы бар Вьетнамның бұл аурудың қалай жеңгеніне қазір бүкіл әлем таң қалып отыр. 

Вьетнамның экономикасы, бюджеті Еуропа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда нашар. Сондықтан мемлекет індетпен күреске анау айтқандай көп ақша бөле алған жоқ. Қаржының аздығынан жаппай тестілеу шаралары жүргізілмеді. Карантин кезіндегі халықтың жүріс-тұрысына жаңа технологиялармен бақылау жасауға мүмкіндік болмады.  Бірақ осыған қарамастан аталған елді індет өршіген жоқ. Неге?

Соңғы мәліметтер бойнша Вьетнамда 268 науқа тіркелген. Оның 222 жазылып шыққан. 30 сәуірден бастап елдегі шектеулердің барлығы алынып тасталады. 

Вьетнам бұл індетті қалай жеңді? Одан қандай үлгі алуға болады? Сарапшылардың айтуынша, вьетнамдықтар коронавирусты карантиндік режимді қатаң сақтау арқылы күресті. Елде алғашқы науқас 23 қаңтарда тіркелген болатын. Осы кезден бастап Вьетнам шекарасын тарс жауып, өзге елдермен қарым-қатынасты тоқтатты. 1 сәуірден бастап барлық өңірде  қатаң карантиндік режим енгізілді. Азаматтарға себепсіз көшеге шығуға тыйым салынды. Барлық сауда орындары жабылды. Бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды.

Ең бастысы бұл емес. Вьетнамның корнавирусқа қарсы күрестегі ең үлкен артықшылығы -халықтың тәртіпке көнгішті болды. 

Халық биліктің айтқанына мойынұсынып, талап-тәртіпті қатаң сақтады. Бір сөзбен айтқанда халық қиын кезден «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығару» арқылы шықты. Елдің премьер-министрі  Нгуен Суан Фук енді қауіпті індеттің Вьетнамға қайта оралмауы үшін ешқандай қателіктің жасалмауы тиістігін қатаң түрде ескертті. 

Мирзияевтың жұбайы қайырымдылық жасады
Енді Сауд Арабиясында қамшымен сабамайтын болды ​
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу