Түркістанда әуе шабуылы басталды деген дабыл қағылған

Oinet.kz 06-05-2020 1553

Кеше таңертең Түркістан қаласының төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғындарды аяғынан тік тұрғызды. Бұл туралы Хабар 24 арнасында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Шамамен 8-ден 50 минут өткенде, дауыс зорайтқыш арқылы әуе шабуылы басталғаны туралы дабыл қағылған. Тұрғындар, бұл күнделікті коронавирустан сақтану туралы хабарландырудан қатқыл әрі үрейлі шыққанын әлеуметтік желіде жарыса жазды. Онда соғыс жылдары радиодан күнделікті майдан жаңалықтарын оқыған танымал диктор Юрий Левитанның дауысымен әуе шабуылы басталғанын және қала тұрғындарына тезірек қауіпсіз жерге жасырыну керектігі ескертілген.

Тұрғындарының көпшілігі бұл хабарламаны күнделікті қауіпті індетке қатысты дабыл деп қабылдағандарын айтады. Алайда бүгінгідей қиын кезде елді дүрліктіретін жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту керек дегендер де бар.

– Түркістан қаласының халқын қауіпті індетке байланысты алдын алу шараларын жүргізу мақсатында арнайы дайындалған дыбыстық жазбаның орнына дабыл сиренасы қосылған. Қазіргі таңда қателік жіберген департаменттің лауызымды қызметкерлеріне қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп, тәртіптік шараға тартылатын болады, - дейді қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Талғат Досалиев.

Тағы бір аудан су астында қала жаздады
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 21 жағдай тіркелді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу