Тағы бір аудан су астында қала жаздады

Oinet.kz 06-05-2020

Түркістан облысына қарасты Төле би ауданынының Майбұлақ ауылындағы "Нұр-ата" өзенінінің суы арнасынан асып кетті. Бұл туралы Facebook-та жарияланды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Ресми мәліметтерге сүйенсек, өзен суының арнасынан асуына нөсер жауын себеп болған көрінеді. Тасыған өзен ауылдың орталық көшесіндегі көпірді шайып кете жаздаған.

Оқиға 5 мамыр күні болған, шамадан тыс жауған жаңбыр салдарынан ағынмен ілесіп келген ағаштар көпірдің тіректеріне кептелісіп қалған. Жиналған су көпірдің бетіне шығып, тасыған. 

- Осы жағдайға орай аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің бастамасымен құрылған жұмыс тобы елдімекенге барып, өзен суының деңгейін көріп қайтты. Қауіптің алдын-алу мақсатында төтенше жағдайлар қызметі мен ауыл тұрғындары жұмыла бірлесіп, көпірді жедел тазартты. Сонымен қатар, "Нұр-ата" өзенінің бойын тазалауға арнайы техникалар жұмылдырылды. Қазіргі таңда елдімекенге төнген қауіп жоқ", - деп хабарлады аудан әкімдігі.

Ринат Зайытов су тасқынын ескерусіз қалдырған басшылықты өткір сынға алды
Түркістанда әуе шабуылы басталды деген дабыл қағылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу