Шымкенттік азамат үйінде есірткі өсірген (видео)

Oinet.kz 20-05-2020 1181

Өз үйінде есірткі өсірген шымкенттік анықталып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Screenshot_6.jpg

4 мамырда Еңбекші ауданында Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында 53 жастағы жергілікті тұрғынның үйінде құрамында есірткі заты бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру фактісін анықтады.

Үй ауласын тінту барысында есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіретін құмыралар табылды.

Сараптама нәтижесі бойынша алынған өсімдіктер есірткі заттарына жататындығы расталды. 

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен (құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мақпал Жүнісова Бейсен Құранбекпен 2 жыл бұрын түскен видеосын жариялады
Уважаемые родители и претенденты!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу