Бейсен Құранбектің әйелі жолдасы туралы жантебірентерлік жазба қалдырды

Oinet.kz 21-05-2020 54650

Белгілі журналист Бейсен Құранбектің өмірлік жолдасы қалың қазақ жұртшылығына арда азамат туралы жазба қалдырды, деп хабарлайды Oinet.kz.  Бұл туралы ол Бейсен Құранбектің Instagram парақшасында жариялады. 

image.png

Өмірден өтті...Мәңгілік мекеніне жетті... Ол кісінің демі үзілсе, менің де тынысым тоқтайтындай көрінетін. Алайда кеудемдегі жаным шықпаған соң, тірі адам тіршілігін жасай береді демекші, басымды көтеріп, айналама қарауыма тура келді. Алланың ісіне көндім.

Бейсекемнің артынан қаза қайырлы болсын айтып жатқан адамның санында есеп жоқ, қалың қазақ қабырғасы қайысып, көңіл айтуда. Еліміздің игі жақсылары лебіздерін білдіріп, жеделхаттар жолдап жатыр.

Әлеуметтік желілердегі жазбалар, арнаулар мен комментарийлерді  бей-жай оқу мүмкін емес, жүрегіңді қан жылатады деген ағайынның өзара әңгімесін үш күннен бері естудемін. Олардың барлығын ашып оқуға жүйкем шыдамады... әйтсе де кеше бірқатарын көрдім,  түсіндім. Көрермен қауым, жора-жолдас, майдандас әріптестер, үлгі тұтып соңынан ерген жастар қандай тұлғадан айрылып қалғанын сөзбен жеткізе алмай, зар илеп жоқтап жатыр.

Телеарналар Бекең туралы сюжеттері мен хабарларын жедел түрде дайындап, халық назарына ұсынып, ыстық ықыластарын білдіруде. Алыс-жақын шетелдердегі бауырлар да орны толмас қайғыға ортақтасуда. Баршаңызға әулетіміздің атынан алғысымды білдіремін.

image.png

Бейсекемнің  мақтауын жеткізіп, бояуды аямай, әсірелеп айта берсем болар еді, бірақ, Құдайға шүкір, оны менен неше есе артық жақсы жеткізетін адамдар баршылық. Әрі оның шынайы бейнесін бетпе бет кездескенде де, көгілдір экраннан да өздеріңіз көріп, бағасын беріп жатырсыздар. Сондықтан мен оның осы дүниеден шын дүниеге өтер кезіндегі соңғы ойларын ғана жеткізсем деймін.

Ол ұзақ ауырды, аурудың жақсысы жоқ, алайда нақ осы дерт адамның сабырлылығы мен төзімін сынауға арналған ба деген ойға қалдым. Ауру дендеп, денені құрсап, қинап жатса да, Бейсекем қабағын бір шытпады, «мына ауру пәле болды, шаршатты» дегенді айтпады. Дүниеден озу осындай да болады екен - дейді Бейсен Құранбектің әйелі.

Сенат Жоғарғы сот судьяларын қызметінен босатты
«Коронавирусты бұршақ» адамдарды шошытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу