Камалжан Надыров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды

Oinet.kz 02-06-2020

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Камалжан Талғатұлы Надыров Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Қазіргі тағайындауға дейін ол Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарды. Қамалжан Надыров 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетін емдеу ісі мамандығы бойынша, Тұран университетін – экономист мамандығы бойынша тәмамдаған. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі. Сондай-ақ, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебін (Execuitive MBA) бітірген, «The Fuqua School of Business» Duke University-де (АҚШ), «Parkway College» (Сингапур) оқу орындарында білім алған. Еңбек жолын 2007 жылы интерн-дәрігер, клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, Б.О. Жарбосынов атндағы «Урология ғылыми орталығы» бас директорының орынбасары болып бастады. 2014 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 2015-2017 жылдары «Республикалық диагностикалық орталық» («University Medical Center») директоры қызметін атқарды. 2017-2019 жылдары Астана қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болды. 

2019 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

​Африкада тағы бір қауіпты індет тарауда
2020 жылы ҰБТ қалай өтетіні анық болды

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×