«50 мың теңгені үшінші рет кімдер ала алады» - Назарбаев тапсырма берді

Oinet.kz 03-06-2020 17800

Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек 50 мың теңге көлеміндегі көмекті тағы кімдер алатынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

- "Кеше Елбасы, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 50 мың теңге көлемінде біржолғы төлемді үшінші рет беруді тапсырды. Осы аптада ірі қалаларға жақын орналасқан шағын қалалар, ауылдар мен елді мекендердегі мұқтаж санатына кіретін 110 мыңға жуық отбасыға қосымша атаулы қаржылай көмек көрсетіледі", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін 23 қаладағы 360 мыңнан аса отбасыға 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек берілген.

- "Nur Otan партиясы мен Тұңғыш Президент қорының қолдауымен Birgemiz қоры жұмысты тиімді және ашық жүргізуі ірі меценаттардың сенімін оятты. Алдағы уақытта қосымша қаражат түседі деп жоспарланып отыр. Осы жағдайды ескере келе, Елбасы мұқтаж қазақстандықтарға тікелей қаржылық көмек көрсету мәселесін төртінш рет қарастыруды тапсырды. Басымдық еліміздегі ауыл тұрғындарына беріледі", - дейді Байбек.

Алматыда жарылыс болды (видео)
Қазақстанда еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу