Халықаралық іздеу жарияланған «Астана LRT» экс-басшысының ұсталғаны рас па?

Oinet.kz 04-06-2020 861

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін "Астана LRT"-ні басқарған Талғат Арданның ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

49_main.jpg

"Астана LRT" компаниясының ресми сайты Ашық диалог алаңындағы конференция кезінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талғат Арданның түрмеде отырғандығы туралы ақпаратқа жауап қатты. Қолданушы өзінің хабарламасында атап өткендей, кейбір ақпарат көздері "Астана LRT"-нің бұрынғы басшысы ұсталып, Нұр-Сұлтандағы изоляторлардың біріне қамалғанын айтқан. Департамент өкілдерінің сөзінше, Талғат Арданның әлі де іздеуде. Оны Интерпол іздестіріп жатыр. "Талғат Ардан "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде", – деп хабардар етті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 

Естеріңізге сала кетейік, 3 жыл бұрын Талғат Ардан "Астана LRT" басшысы қызметінен босатылған болатын. 

Тоқаев коронавирустың екінші толқыны туралы тың мәлімдеме жасады
Блокбекеттегі қайғылы оқиға: Қайтыс болған полицейдің әйелі шындықтың бетін ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу