Түркістанда білім беру ұйымдары «Саналы ұрпақ» жобасы бойынша есеп берді

Oinet.kz 09-06-2020 1101

Түркістан облысының барлық кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдары мен жоғары оқу орындарында «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесі  білім беру жүйесінде туындайтын сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мен академиялық адалдықты қалыптастыру жолында жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. 

image.png

Осыған орай, Түркістан облысына қарасты 2 жоғары оқу орны мен 66 колледж аталған жобалық кеңсемен атқарылған жартыжылдық жұмыстар  бойынша  қорытынды есеп берді.  

Жыл басынан бері "Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесі - жастар қауымын  рухани-адамгершілік тәрбиемен азықтандыруға және  азаматтық-патриоттық белсенділікті арттыруға  бағытталған шараларды киелі өңірде жиі іске асырып,  жастар арасында жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін  қалыптастыруда бірқатар бастамаларды жүзеге асырды. 

image.png

Жалпы саны  20 мыңға жуық студент жастар жобаға мүшелік ету барысында қоғам індетінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсене қатысып,  ашықтыққа негізделген адал қоғамды құруға ниетті екендіктерін білдіріп келеді.

«Мың жылдығын ойлаған халық – саналы ұрпақ тәрбиелейді» деген тәмсілді сөзді азық еткен өңір жастары, әрі қарай да "Саналы ұрпақ" жобасы аясында белсенді жұмыс жүргізетін болады.

Бауыржан Байбек тағы 50 мың теңгені кімдер алатынын айтты
Елордада мас азамат көшедегі көліктерге пышақ ала жүгірген (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу