Елордада мас азамат көшедегі көліктерге пышақ ала жүгірген (видео)

Oinet.kz 09-06-2020 1135

Елордада ішімдікке сылқия тойып алған ер адам көшеге шығып, көліктерге пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды Oinet.kz порталы.

image.png

Оқиға 8 маусымда орын алған. Ер азаматтың ерсі қылығы бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты. 

- "Абай даңғылы мен Янушкевич көшесінің қиылысында ер азамат көшеде өтіп бара жатқан көліктерге пышақ ала жүгірген. Ол пышағын қайрап алып, көлік қозғалысына кедергі келтірген. Полицейлер күдіктіні тұтқынға алды", - делінген ресми хабарламада. 

image.png

Қазіргі таңда ер азамат Байқоңыр аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Ұсталған азамат 29 жастағы елорда тұрғыны екені анықталған. Заттай айғақ ретінде қайрақ пен пышақ тәркіленіпті.

Аталған жайтқа қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Түркістанда білім беру ұйымдары «Саналы ұрпақ» жобасы бойынша есеп берді
Петропавлда балабақшадан коронавирус дерегі анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу