Аудан әкімінің орынбасары өз-өзіне қол жұмсады

Oinet.kz 10-06-2020 1400

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары өз-өзіне қол жұмсады. Өңірдің полиция департаменті аталған фактіні растады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_3.jpg

Қайғылы жағдай туралы ақпарат бастапқыда әлеуметтік желіде пайда болды. Хабарламаларда аудан әкімінің орынбасары басқа мемлекеттік қызметкермен төбелестен соң Қызылордадағы медициналық орталыққа жеткізіліп, артынша өз-өзіне қол жұмсағаны айтылған. Жаңақорған ауданы әкімдігі тергеуге сүйеніп, пікір білдіруден бас тартты. Ал Қызылорда полиция департаменті редакция сұранысына жауап беріп, өз-өзіне қол жұмсау фактісі 6 маусым күні тіркелгенін растады. 

"Қылмыстық кодекстің 105- бабы 1- бөлігі (Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр",- деді департаменттің баспасөз қызметінде. 

Ведомство Қылмыстық кодекстің 201- бабына сәйкес, сот алды тергеу жұмыстарының басқа мәліметтерін таратуға тыйым салынғанын да айта кетті. 

«Жеңгелеріңнің мінезі нашар» - Бейсен Құранбек көзі тірісінде осылай депті
Ұрылар мешіттегі садақа салатын жәшікті ұрлап кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу