Елордада аштық жариялаған аналарды полицейлер күштеп алып кетті (видео)

Oinet.kz 11-06-2020 930

Нұр-Сұлтан қаласында аштық жариялап, үш күн бойы министрліктің алдында қонған аналарды полицейлер күштеп алып кетті, деп хабарлайды Oinet.kz 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

image.png

Үш күн бойы аштық жариялап, министрлік алдында қонған аналар ақ түсті қорғаныш киімдерін киген қызметкерлердің оларды күштеп алып кеткен сәтін видеоға тсіріп алған. 

- "Наразылардың құтқаруға шақырған дауысы алыстан естілді. Бүкіл аналардың атынан шыққан біздерді қарсы болсақ та, "коронавирусқа тест тапсыруларыңыз керек", деп әдейі мәжбүрлеп алып кетті", - дейді аналар.

Ал аналар отырған министрлік ғимаратының алдын тазалыққа жауап беретін қызметкерлер ештеңе болмағандай тазалап қойған. Аналарды алып кеткен полиция департаментіне ешкімді кіргізбеді. Оларды қолдауға ПД ғимаратының алдына бір топ адам жиналды.

- "Таңертең ұстап әкеткендерді шығарсын", - деген талап қойды қолдаушылары.

- "Бейбіт түрде талап етті, құр отырды. Қолымызда қаруымыз жоқ, ештеңе жоқ. Бізді есітуі керек қой ол кісілер. Бір адам шықпады. Енді бүгін мынаған қамап тастады", - деді көпбалалы ана Сәрсенгүл Әшірбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram


Нұр-Сұлтан қаласы аналарды осылай ұстап алып кетті...

Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық... (@shyndykz)

​«Қазақ ғылымы үшін ауыр қайғы»: белгілі ғалым дүниеден өтті
Еліміздегі ең үлкен отбасыда 16-шы сәби дүниеге келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу