Шымкент: Абай ауданында төрт мониторингтік топ тексеру жүргізуде

Oinet.kz 15-06-2020 1014

Абай аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының тексеруі барысында бетперде тағу режимінің орындалмауы, тепловизорлардың жоқтығы мен әлеуметтік қашықтықтың сақталмауына қатысты тәртіп бұзушылықтар анықталған. Соған байланысты тиісті түсіндірмелер мен кеңестер берілуде.

image.png

- Қаланың бас санитарлық дәрігері қабылдаған қаулыға сәйкес, барлық шектелген шаралардың орындалуы бойынша күнделікті рейдтік іс-шаралар атқаруда. Сонымен қатар, карантинге жабылған жеке секторлардағы тұрғын үйлердің қатты тұрмыстық қалдықтары аптасына бір рет, көпқабатты тұрғын үйлердің қалдықтары күнделікті "Спецавтотранспорт" ЖШС мекемесінің арнайы техникасымен бөлек шығарылуда және көшелер мен тұрғын үйлер залалсыздандырылуда. Қазіргі таңда аудан аумағында төрт мобильді топ сауда орындары мен ірі нысандарда санитарлық талаптарды сақтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде, - деді Б. Парманов. 

Бүгінгі таңға дейін 4 мобильдік топ бекітілген аумақтары бойынша 674 кәсіпкерлік нысанға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылды. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462 бабы, 3 тармағы бойынша аудандағы кәсіпкерлік нысандарға 11 айыппұл хаттамасы толтырылды. Жалпы аудан аумағында санитарлық талаптарды сақтамағандарға 2 млн теңгеге жуық айыппұл салынып, 450 хаттама толтырылған.

Белгілі қазақстандық журналист үндеу жасады
Біртановпен іссапарға барған: Үкімет басшысының коронавирус жұқтырғаны рас па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу