​Димаш Құдайберген магистрлік диссертациясын қорғады

Oinet.kz 19-06-2020 1486

Танымал әнші Димаш Құдайберген магистрлік диссертация қорғады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Танымал әнші ең жоғары балл алды. Қазақ Ұлттық өнер университетінің магистратурасында білім алған өнер иесі магистрлік диссертациясы дәстүрлі музыка өкілдеріне арнаған.

"18 мамырда Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде Димаш Құдайберген "Дәстүрлі музыкалық өнер өкілдерінің тұлғалық бейнесі" тақырыбындағы магистрлік диссертациясын қорғады. Коронавирус инфекциясының қаупіне байланысты емтиханды қашықтықтан тапсыруына тура келді. "Композиция" мамандығының магистранты ең жоғары балл алды - 100 балл",  - деп атап өтті ҚазҰАУ.

Сонымен қатар, университет Димаш Құдайбергенді енді докторантураға шақырды. 

Барлығымызға белгілі Димаш композитор және көп аспапты жетік менгерген. Енді бүгіннен бастап сегіз қырлы, бір сырлы өнер иесі магистр атанды.

Депутат 101 жасында зейнетке шықты
Тағы бір өңірде жаппай пневмонияның ауыр түрі анықталып жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу